ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Спартак» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 32 мәрте шеберлік байқасты. Оның 15-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Спартак» 39 ұпаймен 9-орында келеді.
Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын елордада 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді.