ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Трактормен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 23 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.

 «Барыс» хоккей клубы
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 59 мәрте шеберлік байқасты. Оның 29-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 34 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Трактор» 35 ұпаймен15-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 25 желтоқсанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен кездессе, 27 желтоқсанда «Амур» (Хабаровск) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» командасының елордада «Сочиге» есе жібергенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар