ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада ЦСКА командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) клубына қарсы өткізеді.

ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада ЦСКА командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» ХК

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 33 мәрте шеберлік байқасты. Оның 9-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 37 ұпаймен 19-орынға жайғасса, ЦСКА 54 ұпаймен 9-орында келеді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 20 қаңтарда Ресейдің «Лада» (Тольяттиу) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 қаңтарда ЦСКА, 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнайды. 

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан бесінші мәрте жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар