08:46, 04 Қыркүйек 2024 | GMT +5
ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Нефтехимик» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді. Кездесу бүгін, 4 қыркүйекте сағат 19:30-дa басталады.

Екі команда бұған дейін 45 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Биыл елордалық клуб алғашқы төрт ойынын өз алаңында өткізеді.
Алдымен бүгін «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, одан кейін 6 қыркүйекте «Трактор» (Челябі), 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық команда Ресейдің Омбы қаласында өткен Блинов турниріне қатысты.