ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Адмирал» клубымен ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.

Хоккей Барыс - Сибирь Новосибирск
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ойын елорда уақытымен 14:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 38 мәрте кездескен. Оның 19-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 33 ұпаймен 23-орында тұрса, «Адмирал» 67 ұпаймен 15-орында келеді.

Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде төрт ойынын өткізеді.

Алдымен Ресейде 15 наурызда «Амур» (Хабаровск) клубымен кездессе, 17 наурызда «Сибирь» (Новосібір) командасымен ойнайды.

Ал елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан), 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) клубтарымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада ЦСКА командасына есе жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар