ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Ак Барспен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 8 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» хоккей клубы
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 58 мәрте шеберлік байқасты. Оның 10-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 36 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Ак Барс» 58 ұпаймен 4-орында келеді.

Еске салсақ, «Барыс» Ресейде «Торпедоға» есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар