ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Автомобилист» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

ҚХЛ: «Барыс» елордада буллиттен «Сибирьге» есе жіберді
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Қазірге дейін командалар 54 мәрте шеберлік байқасты. Оның 32-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 30 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Автомобилист» 39 ұпаймен 10-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын сырт айдында өткізіп, 18 желтоқсанда Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.

«Барыстың» алдағы екі ойынға құрамы

Қақпашылар: Никита Бояркин, Артём Шестаков, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Эмиль Галимов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Мэйсон Морелли, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Макс Уиллман, Аңсар Шайхмедденов.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» өз айдынында буллиттен «Сибирьге» есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар