ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Автомобилистпен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 12 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 56 мәрте шеберлік байқасты. Оның 33-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 36 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Автомобилист» 49 ұпаймен 10-орында келеді.
Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 15 қаңтарда Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, 17 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан үшінші рет жеңілді.