ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 18 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады.
Екі команда бұған дейін 73 мәрте кездескен. Оның 24-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
«Барыстың» хоккейшілер тізімі:
Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Артём Шестаков, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр, Артём Королёв, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Кирилл Никитин, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Владимир Волков, Эмиль Галимов, Дінмұхамед Қайыржан, Вячеслав Колесников, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Иван Николишин, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов.
Ал Никита Бояркин, Тамирлан Гайтамиров, Роман Старченко және Тайс Томпсон жарақат алған хоккейшілер тізімінде тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит), «Динамо» (5:2) клубтарынан басым түссе, Беларусьтің «Динамосына» (1:3) есе жіберді.