ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Нефтехимик» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 27 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» бүгін Ресейде «Нефтехимик» командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 21:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 42 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті. 

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті. 
Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 15-орынға жайғасса, «Нефтехимик» 21 ұпаймен 13-орында келеді.

Елордалық клуб бұдан кейін тағы екі ойынын сырт айданда өткізеді. Алдымен 29 қазанда Ресейде «Авангард» (Омбы) клубымен кездессе, одан кейін «Трактор» (Челябі) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар