ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Салават Юлаевпен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 27 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» хоккей клубы
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазірге дейін командалар 65 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Салават Юлаев» 35 ұпаймен 19-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын сырт айдында өткізеді.

Алдымен 29 қарашада Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен ойнаса, одан кейін 1 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, «Барыс» елордада «Авангардқа» есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар