ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 1 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» ХК

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Қазірге дейін командалар 68 мәрте шеберлік байқасты. Оның 28-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Сибирь» 21 ұпаймен 22-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 5 желтоқсанда Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан хоккей құрамасы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар