ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сочи» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сочи» командасына қарсы өткізеді.

Барыс ХК
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 21:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 22 мәрте шеберлік байқасты. Оның 14-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Турнир кестесінде «Барыс» 23 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Сочи» 16 ұпаймен 22-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 21 қарашада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасын қабылдаса, 23 қарашада «Авангард» (Омбы) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» биылғы маусымда сырт айдындағы алғашқы жеңісіне жетті.

 

Соңғы жаңалықтар