ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде ЦСКА командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 22 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде ЦСКА (Мәскеу) клубына қарсы өткізеді.

Барыс
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 21:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 34 мәрте шеберлік байқасты. Оның 10-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 39 ұпаймен 19-орынға жайғасса, ЦСКА 32 ұпаймен 11-орында келеді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін бір ойынын Ресейде өткізіп, 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Ладаға» есе жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар