ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Сибирь» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 20 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 17:30–да басталады. 

ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Сибирь» командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. 

Турнир кестесінде «Барыс» 53 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Сибирь» 67 ұпаймен 16-орында келеді.

Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі төрт жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.

Елордалық клуб сапында алған жарақатына байланысты Аңсар Шайхмедденов, Эмиль Галимов ойынға қатыспайды.

Енді қазақстандық команда 20 наурызда сырт айдында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) клубымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Адмиралға» есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар