ҚХЛ: «Барыс» елордада «Адмиралға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді.
Бірінші кезеңде командалар бір-бірден гол соқты. Екінші кезеңде ресейлік команда екі шайба енгізді. Үшінші кезеңде «Адмирал» үш мәрте көзге түссе, «Барыс» оған бір голмен жауап қайырды.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Адмирал» (Владивосток, Ресей) 2:6 (1:1, 0:2, 1:3)
1:0 - Томпсон (Муратов, Уиллман) - 04:40
1:1 - Олсон (Основин, Завгородний) - 16:48
1:2 - Ефремов (Старков, Чезганов) - 22:21
1:3 - Сошников (Солянников, Ефремов) - 28:02
1:4 - Олсон (Основин, Завгородний) - 46:54
1:5 - Чезганов (Шепелев) - 52:42
2:5 - Асетов (Уолш, Веккьоне) - 53:29
2:6 - Тимашов (Усманов) - 59:50
Қақпашылар: Бояркин - Кульбаков.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:6 есебімен есе жіберді.
Енді қазақстандық команда 20 наурызда сырт айдында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) клубымен кездеседі.