ҚХЛ: «Барыс» елордада «Авангардқа» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 23 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді.

«Барыс» елордада «Авангардқа» есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Биыл ресейлік команда сәтті ойын өткізіп келеді. Қазірге дейін 37 ұпай жинаған олар 7-орынға тұрақтаған еді. Ал 27 ұпаймен 17-орынды місе тұтты.

барыс, хоккей
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кездесу барысында бірінші кезеңде ресейлік команда жылдам гол соғып үлгерді. Екінші кезеңде олар тағы төрт мәрте «Барыс» қақпасын дәл көздесе, оған қазақстандық команда бір голмен жауап берді. Үшінші кезеңде елордалық клуб қарсыласына тағы бір шайба енгізді.

«Барыс» елордада «Авангардқа» есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

02:02. 0:1 - Пономарёв Василий (Мартынов Игорь)
24:07. 0:2 - Котляревский Михаил (Блажиевский Артём, Маклауд Майкл)
24:26. 0:3 - Гуляев Михаил (Лажуа Максим, Окулов Константин)
24:47. 0:4 - Пономарёв Василий (Рашевский Дмитрий, Шарипзянов Дамир).
35:14. 0:5 - Котляревский Михаил (Маклауд Майкл, Лажуа Максим).
38:12. 1:5 - Өмірбеков Әлихан (Данияр Самат).
57:46. 2:5 - Уиллман Макс (Веккьоне Майкл, Морелли Мэйсон).

барыс, хоккей
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

барыс, хоккей
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 27 қарашада Ресейде «Салават Юлаевпен» кездессе, одан кейін 29 қарашада «Металлург» (Магнитогорск), 1 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен шеберлік байқасады.



Соңғы жаңалықтар