ҚХЛ: «Барыс» елордада «Металлург» командасына есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық команда белсенді бастады. Нәтижесінде олардың қатарынан 14-минутта Михаил Рахманов мергендік танытты.
Ал «Металлург» сапынан Алексей Маклюков 26, Андрей Козлов 34-минутта гол соғып кетті.
Ойынның 34-минутында ресейлік клубтан Денис Зернов қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 20 ақпанда «Северсталь» (Череповец) командасымен кездессе, одан кейін 22 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) клубымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Лада» клубынан жеңіліп қалды.