ҚХЛ: «Барыс» елордада ЦСКА командасынан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) клубына қарсы өткізді.

ҚХЛ: «Барыс» елордада ЦСКА командасынан басым түсті
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бірінші кезеңде елордалық команда бір шайба соғып кетті. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде қазақстандық клуб екі шайба енгізсе, оған ресейлік хоккейшілер бір голмен жауап берді.

барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Барыс» (Астана) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)
1:0 — Томпсон (Морелли) — 13:00
2:0 — Веккьоне (Уолш, Морелли) — 53:24
2:1 — Соркин (Полтапов, Карнаухов) — 56:37
3:1 — Веккьоне (Шил) — 59:23
Қақпашылар: Шил — Самонов

барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Олар бұдан бұрын қатарынан бес мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан еді.

барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазірге дейін командалар 33 мәрте шеберлік байқасты. Оның 9-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 20 қаңтарда Ресейдің «Лада» (Тольяттиу) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 қаңтарда ЦСКА, 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнайды

Соңғы жаңалықтар