ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізді.

п
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кездесу барысындакомандалар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде ресейлік клубтан Михаил Горюнов-Рольгизер 7-минутта мергендік танытса, 19-минутта Логан Дэй басымдықты арттырды.

Қазақстандық команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ. 

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді. Бұл - олардың қатарынан екінші жеңілісі. 

Қазірге дейін командалар 59 мәрте шеберлік байқасты. Оның 29-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Енді «Барыс» бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 25 желтоқсанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен кездессе, 27 желтоқсанда «Амур» (Хабаровск) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» командасының елордада «Сочиге» есе жібергенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар