ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді.

барыс
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Кездесу барысында елордалық клубтан Майкл Маклауд 23-минутта мергендік танытса, оған минскілік командадан Вадим Мороз 22, 24, 59, Диллон Дюбе 56, Даниил Сотишвили 58-минутта бес шайбамен жауап берді.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді. Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябинск), «Амур» (Хабаровск) командаларынан жеңіліп қалған еді. 

барыс
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 15-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында Беларусь командасы жеңіске жеткен. 

барыс
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Енді қазақстандық команда қатарынан үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 17 қыркүйекте Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездессе, одан кейін 19 қыркүйекте «Ак Барс» (Қазан), 21 қыркүйекте «Витязь» (Подольск) клубтарымен ойнайды. 

барыс
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Соңғы жаңалықтар