ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 28 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді. 

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу басында қазақстандық команданың белсенділігі байқалған еді. Бірінші кезеңде олар қатарынан екі шайба соғып кетті. Ресейлік клуб оған бір голмен жауап берді.

Екінші кезеңде мәскеулік команданың белсенділігі ееркше байқалды. Нәтижесінде қатарынан үш шайба соғып, басымдықты арттыра түсті. 

Үшінші кезеңде ресейлік команда тағы бір шайба енгізсе, оған 59-минутта елордалық клуб бір голмен жауап қайырды.

«Спартак» (Мәскеу, Ресей) — «Барыс» (Астана. Қазақстан) 5:3 (1:2, 3:0, 1:1)
0:1 — Уолш (Савицкий) — 01:07
0:2 — Веккьоне (Уолш, Уиллман) — 10:46
1:2 — Гутик (Порядин, Рубцов) — 18:23
2:2 — Порядин (Филин, Вишневский) — 24:18
3:2 — Коростелёв (Филин, Соболев) — 29:56
4:2 — Мансуров (Орлов, Вишневский) — 38:35
5:2 — Мансуров (Пивчулин) — 47:49
5:3 — Уолш — 59:17
Қақпашылар: Георгиев — Шил (Шутов, 40:00 — 60:00)

Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, бұдан «Барыс» қатарынан үш мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан еді. 

«Барыс» клубы бұдан кейін бес ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2 наурызда Ресейде СКА (Санкт-Петербург) клубымен кездессе, 7 наурызда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 10 наурызда Ресейде «Амур» (Хабаровск), 12 және 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубтарымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум