ҚХЛ: «Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіліске ұшырады

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына есе жіберді, деп хабарлайды Kazinform.

хоккей
Фото: Kazinform

«Барыс» пен «Торпедо» кездесуі бір минут үнсіздікпен басталды.

Кездесу барысында ресейлік клубтан Владислав Фирстов 15-минутта есеп ашса, Егор Виноградов 26-минутта есепті үстемелей түсті.

Оған «Барыс» сапынан Батырлан Мұратов 43-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Бұл - олардың қатарынан үшінші жеңілісі.

Енді елордалық клуб алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен Ресейде «Металлург» (Магнитогосрк) клубымен кездессе, одан кейін 2 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 4 қарашада «Ак Барс» (Қазан) командаларымен ойнайды.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын Беларусьтің «Динамо» (Минск) (2:5) командасына есе жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар