ҚХЛ: «Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 12 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде қазақстандық клуб бір мәрте көзге түссе, шешуші кезеңде екі команда бір-бірден гол соқты.
Кейінгі бес кездесудің екеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
«Адмирал» (Владивосток, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)
0:1 — Уиллман (Масси) — 33:31
1:1 — Тертышный (Старков, Шулак) — 43:34 ГБ
1:2 — Томпсон (Уиллман, Масси) — 56:32
Қақпашылар: Кульбаков — Бояркин
Бұл жеңістен кейін «Барыс» турнир кестесінде 53 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Адмирал» 46 ұпаймен 20-орында келеді.
Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі төрт жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.
Елордалық клуб сапында Аңсар Шайхмедденов жарақат алған ойыншылар тізімінде тұр. Сондай-ақ медициналық себептерге байланысты Эмиль Галимов бұл сапарға қатыса алмады.
Енді «Барыс» клубы 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубымен тағы бір мәрте шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті.