ҚХЛ: «Барыс» Омбыда «Авангардқа» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 29 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді.

ҚХЛ: «Барыс» Омбыда «Авангардқа» есе жіберді
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Екі команда арасындағы кейінгі ойындарда қазақстандық клубтың жолы болар емес. Бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті. Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 15-орынға жайғасса, «Авангард» 25 ұпаймен 7-орында келеді.
Кездесу барысында алғашқы минуттан ресейлік клубтың белсінділігі байқалды. Бірінші кезеңде олар екі шайба соғып үлгерді. Алдымен Константин Окулов 14-минутта есеп ашса, ол 27-минутта басымдықты арттырды.

Ойынның 27-минутта Дмитрий Рашевский мергендігімен көзге түссе, 28-минутта елордалық клубтан Мэйсон Морелли есеп айырмасын қысқартты.

Ал 32-минутта ресейлік командадан Дамир Шарипзянов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін «Барыс» сапынан Мэйсон Морелли 54-минутта тағы бір мәрте гол соқса, 55-минутта Кирилл Савицкий қанжығасын майлады.

Осылайша елордалық қарсыласына 3:4 есебімен жол берді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын сырт айдында 31 қазанда Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді

Соңғы жаңалықтар