ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Металлургке» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді.
Командалардың ойыны тартысты болды. Бірінші кезеңде ресейлік клуб бір гол салды. Екінші кезеңде командалар бір-бір гол соқты. Үшінші кезеңде қазақстандық команда бір шайба енгізіп, таразы басын теңестірді.

Осылайша кездесу 2:2 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік команда жеңіс шайбасын соғып кетті.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) 2:3 ОТ (0:1, 1:1, 1:0, 0:1)
0:1 - Исхаков (Минулин, Михайлис) - 06:04
0:2 - Исхаков (Михайлис, Петунин) - 25:06
1:2 - Томпсон (Веккьоне, Уолш) - 35:17 ГБ
2:2 - Уолш (Веккьоне) - 54:39
2:3 - Барак (Смолин) - 60:47
Қақпашылар: Бояркин - Смолин
«Барыс» клубы бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 20 ақпанда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай) клубымен кездессе, 22 ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.