ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Шанхай айдаһарларына» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 20 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай) командасына қарсы өткізді. 

ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Шанхай айдаһарларына» есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бірінші кезеңде командалар қазақстандық команда үш шайба соқса, оған қытайлық клуб бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде «Шанхай айдаһарлары» тағы екі гол енгізді. Нәтижесінде негізгі кезеңде 3:3 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.

барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Овертаймда қытайлық клуб жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша «Барыс» қарсыласына овертаймда 3:4 есебімен есе жіберді.

барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 құрамына енген командалар шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ. Биыл да олар плей-офф аймағынан тыс қалып отыр.

барыс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Барыс» клубы бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 22 ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум