22:29, 20 Наурыз 2025 | GMT +5
ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында «Ак Барстан» ірі есеппен ұтылып қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті матчында елордалық «Барыс» өз айдынында «Ак Барс» (Қазан) командасын қабылдады.

Астаналықтар 66 ойыннан кейін небәрі 33 ұпай жинап, көш соңында қалған еді.

Қазандықтардың ұпай қоры (83) әлдеқайда қомақты еді.

Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері еш қайран қыла алмай, 0:8 есебімен ұтылып қалды.

«Ак Барс» сапынан Кирилл Семенов пен Александр Барабанов қос-қостан гол енгізсе, Семен Терехов, Дмитрий Яшкин, Дмитрий Кателевский және Степан Фальковский бір-бірден мергендік танытты.

«Барыс» осы маусымдағы соңғы ойынын 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» елордада «Ак Барс» клубымен ойнайтынын жазған болатынбыз.