ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасынан жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 8 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді.

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасынан жеңіліп қалды
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу барысында командалар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде ресейлік клуб қатарынан екі шайба соқса, үшінші кезеңде қарсыластар бір-бір голдан алмасты.

«Ак Барс» (Қазан) — «Барыс» (Астана) 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)

1:0 — Хмелевский (Семёнов, Яшкин) — 30:45
2:0 — Денисенко (Биро) — 32:25
2:1 — Уиллман (Веккьоне, Уолш) — 51:29
3:1 — Галимов — 57:48

Қақпашылар: Арефьев — Шил

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды. Қазақстандық команда қатарынан екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 10 қаңтарда Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) клубымен кездессе, 12 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады

Соңғы жаңалықтар