ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Амурға» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізді.

Хоккей Барыс - Сибирь Новосибирск
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер белсенділік көрсетті. Қатарынан төрт шайба соғып, жеңісті жақындата түсті. Олардың қатарынан Олег Ли 1, 21, Владислав Барулин 5, Евгений Грачёв 11-минуттарда мергендік танытты.

Оған «Барыс» сапынан Роман Старченко 36, Дінмұхамед Қайыржан 42-минутта екі голмен жауап қайырды.

Ойынның 57-минутында ресейлік клубтан Олег Ли кездесу барысында хет-триктің авторы атанды.

Осылайша елодалық команда қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде үш ойынын өткізеді.

Алдымен Ресейде 17 наурызда «Сибирь» (Новосібір) командасымен ойнаса, одан кейін елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан), 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) клубтарымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» буллиттен «Адмиралды» жеңді.

Соңғы жаңалықтар