ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Ладаға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 20 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) клубына қарсы өткізді.
Командалар биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Салдарынан турнир кестесінде төменгі орындарды місе тұтып тұр. Турнир кестесінде «Барыс» 37 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Лада» 32 ұпаймен 22-орынды еншіледі.
Сондай-ақ елордалық команда бұл қарсыласымен сәтсіз ойын көрсетеді. Соңғы бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Қазірге дейін командалар 20 мәрте шеберлік байқасты. Оның 10-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кездесу барысында командалар алғашқы екі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Бірінші кезеңде елордалық клуб сапынан Кирилл Панюков пен Самат Данияр дөрекілік танытып, екі минутқа ойыннан шеттетілді. Екінші кезеңде ресейлік клубтан Алекс Коттон дәл осындай айыппен жазаланды.
Кездесу барысында «Барыс» сапынан Андрей Алтыбармакян 53-минутта гол соқса, Артур Тянулин 58-минутта басымдықты арттырды.
Осылайша елордалық клуб қарсылаасына 0:2 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 22 қаңтарда ЦСКА клубымен кездессе, 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнайды.