ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Сибирьге» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді.

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Сибирьге» есе жіберді
Фото: hcbarys.kz

«Сибирь» командасының плей-офф сатысына шығуына әлі де мүмкіндігі бар. Сондықтан олар әрбір кездесуде жеңіске жетуге күш салып келеді.

Кездесу басынан ресейлік клуб басымдығын байқатты. Десе алғашқы голды қазақстандық команда соқты. Ойынның 5-минутында Дінмұхамед Қайыржан есеп ашты. Одан кейін ресейлік клубтан Энди Андреофф 14, Павел Гоголев 15, Никита Коротков 17-минутта мергендік танытты.

Ал 38-минутта «Барыс» санынан Бейбарыс Оразов есеп айырмасын қысқартты.

Осыдан кейін қазақстандық клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Қарсылас команда қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. 

Кездесуде елордалық клуб қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде екі ойынын Астанада өткізеді.

Алдымен елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар