ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Торпедоға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 6 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық команда ғалшқы болып есеп ашты. Бірінші кезеңде Кирилл Савицкий есеп ашса, оған ресейлік команда бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезеңде елордалық команда тағы бір мәрте көш бастады. Дегенмен «Торпедо» хоккейшілері қатарынан екі шайба соғып, ойын тізгінін өз қолына алды.
«Торпедо» (Нижний Новгород, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан)
12:48. 0:1 — Савицкий Кирилл (Өмірбеков Әлихан, Қайыржан Дінмұхамед)
13:34. 1:1 — Шевченко Дмитрий (Фёдоров Виктор С., Нарделла Роберт)
29:15. 1:2 — Шайхмедденов Ансар (Панюков Кирилл, Бреус Дмитрий)
33:40. 2:2 — Ткачёв Владимир А. (Виноградов Егор)
39:29. 3:2 — Гараев Амир (Конюшков Богдан, Журавлёв Даниил).
Қақпашылар: Костин — Бояркин
Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 8 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, 10 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 12 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен шеберлік байқасады.