ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Тракторға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 4 қарашада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізді.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 21 ойыннан кейін 25 ұпаймен тоғызыншы орында тұрса, «Трактор» клубы 21 ойыннан кейін 19 ұпаймен жиырмасынша орынға жайғасқан еді.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
Кездесу барысында командалар алғашқы екі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде ресейлік клуб екі шайба соқса, оған қазақстандық команда бір голмен жауап қайтарды.
«Трактор» (Челябі, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:1 (0:0, 0:0, 2:1)
Голдар:
1:0 — 45:11 Легаре (Рольгизер).
2:0 — 46:03 Светлаков (Григоренко, Дронов).
2:1 — 55:58 Морелли (Приски, Бэйли).
Қақпашылар: Николаев — Шутов.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Данил Лыткин («Номад» командасынан келді), Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Енді елордалық команда Ресейде 6 қарашада 14:30–да «Адмирал» (Влаивосток) клубымен кездессе, 8 қарашада 12:00–де «Амур» (Хабаровск) командасымен шеберлік байқасады.
Осыдан бұрын «Барыс» қақпашысы мен «Металлург» қорғаушысы ҚХЛ-де үздік атанғанын жазғанбыз.