ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда Шанхай Дрэгонс» командасынан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 2 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» командасына қарсы өткізді.
Ойын барысында қос команда көп гол соғуымен ерекшеленді. Бірінші кезеңде қазақстандық команда төрт гол соқса, оған қытайлық клуб үш голмен жауап берді. Екінші кезеңде елордалық хоккейшілер тағы екі мәрте көзге түссе, оған қарсылас команда бір гол соқты.
Шешуші кезеңде «Барыс» қақпаны тағы екі мәрте дәл көздеді.
«Шанхай Дрэгонс» (Шанхай, Қытай) — Барыс (Астана) 4:8 (3:4, 1:2, 0:2)
1:0 — Саттер — 00:57
1:1 — Савицкий (Ляпунов) — 04:48
1:2 — Уолш (Уиллман, Веккьоне) — 05:44 ГБ
2:2 — Кленденинг (Фу П., Саттер) — 08:07
2:3 — Веккьоне (Уолш, Морелли) — 08:59
2:4 — Морелли (Бреус, Бекетаев) — 15:17
3:4 — Рендулич (Попугаев, Кленденинг) — 19:44
3:5 — Веккьоне (Масси, Морелли) — 22:23
3:6 — Симонов (Маккошен, Веккьоне) — 25:58
4:6 — Кузнецов В. (Каблуков, Райлли) — 27:37
4:7 — Логвин (Асетов, Панюков) — 42:41
4:8 — Веккьоне (Томпсон, Морелли) — 56:56
Қақпашылар: Шикин — Бояркин.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 8:4 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» клубы бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 10 наурызда Ресейде «Амур» (Хабаровск) клубымен кездессе, 12 және 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) командасымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде СКА командасынан ірі есеппен жеңілді.