ҚХЛ: «Барыс» «Витязь» командасынан өз айдынында жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 28 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізді.

барыс командасы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Кездесу барысында командалар тартысты ойын көрсетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Барыс командасы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Екінші кезеңде «Витязь» сапынан Иван Чехович 33-минутта мергендік танытса, ойынның бітуіне небәрі 16 секунд қалғанда Николя Баптист қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп, жаңа маусымдағы сегізінші жеңілістің ащы дәмін татты.

Барыс командасы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Барыс командасы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. 21 қыркүйекте «Барыс» аталған қарсыласынан (1:4) жеңіліп қалған еді.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі тағы бір ойынын Астанада өткізіп, 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Сочи» командасынан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар