ҚХЛ: «Барыс» «Адмирал» командасынан жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін Владивостокта (Ресей) жергілікті «Адмирал» командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» плей-офф сатысына берілетін жолдама тағдырын ертерек шешіп қойғаны белгілі. Сондай-ақ, биыл Чернышев дивизионында бірінші орын алу мәселесінің де нүктесін қойды. Десе де енді біз Шығыс конференциясында көш бастау мүмкіндігінен қол үздік. Өйткені, «Барыс» енді аталмыш конференцияда бірінші орында тұрған Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қуып жете алмайды. Біздік команда олардан жеті ұпайға қалып қойды.

Бүгінгі кездесуде айдын иелері алғаш болып есеп ашты. «Адмирал» сапынан 10-минутта Александр Мерескин мергендік танытты. Осы есеп 41-минутқа дейін сақталып тұрды. Бұл уақытта «Барыс» хоккейшісі Никита Михайлис таразы басын теңестірген еді. Алайда, тең нәтиже ойын соңына дейін сақтала қоймады. Айдын иелерінен Владимир Бутузов 58-минутта жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша «Барыс» бүгінгі қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Елордалық клуб бұған дейін Астанада Омбының «Авангард» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» алдағы екі кездесуін сырт айдында өткізеді. Алдымен 20 ақпанда Хабаровскіде «Амур» командаларымен ойнайды. Құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы кездесуін «Барыс» Қытайдың «Куньлунь Ред Стармен» 22 ақпанда өткізеді. Одан кейін жарыстың плей-офф кезеңі басталады.

Соңғы жаңалықтар