ҚХЛ: «Барыс» алдағы төрт ойынға қатысатын құрамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы төрт ойынына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХЛ: «Барыс» алдағы төрт ойынға қатысатын құрамын жариялады

Қазақстандық команда енді қатарынан төрт кездесуін сырт айдында өткізеді. Алдымен 23 қазанда Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен кездессе, одан кейін 25 қазанда «Авангард» (Омбы), 27 қазанда «Сибирь» (Новосибирск), 29 қазанда «Салават Юлаев» (Уфа) командаларымен шеберлік байқасады.

Команданың бас бапкері Андрей Скабелка аталған ойындарға қатысатын құрамды жариялады.

Аталған құрамның толық тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков, Никита Бояркин, Юлиус Гудачек.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Кристофер Биграс, Тамирлан Гайтамиров, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Иван Мищенко, Нельсон Ножье, Юрий Сергиенко, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Джереми Бракко, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Диас Гусейнов, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луис, Кирилл Максимов, Батырлан Мұратов, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аркадий Шестаков.

Қазір «Барыс» турнир кестесінде 21 ойыннан кейін 23 ұпаймен 12-орында келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб «Металлург» командасынан жеңіліп қалды.