ҚХЛ: «Барыс» елордада «Авангард» командасынан басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бүгінге дейін 54 мәрте мұз айдынына шықты. Оның 18-і «Барыстың» жеңісімен аяқталса, қалғанында «Авангардтың» мерейі үстем болды. Биыл екеуі үш мәрте кездесіп, екеуінде елордалық клуб жеңді.

Екі команда плей-офф сатысына жолдаманы ертерек шешіп қойды. Десе де бүгін командалар жоғары орынға ие болу мақсатында күш салатыны анық еді.

Ойын тартысты өтті. Алғашқы сәтте елордалық клуб басымдық танытты. Келесі кезекте ресейлік хоккейшілер тізгінді қолына алуға тырысты. Бірінші кезеңде «Барыс» екі шайба соқты. Оны Дмитрий Гурков 16, Кирилл Панюков 18-минутта өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде айдын иелері сапынан Алексей Маклюков тағы бір шайбаны соғып үлгерді. Осылайша «Барыс» үш гол басымдығына қол жеткізді. Бұдан кейін «Авангард» сапынан Семён Ручкин есеп айырмасын қысқартса, оған елордалық Павел Акользин бір шайбамен жауап берді. Екінші кезең соңына таман ресейлік хоккейшілер шабуылға көбірек көңіл бөлді. Нәтижесінде 36 және 38-минуттарда Сергей Шумаков пен Кирилл Семёнов мергендік көрсетті.

Үшінші кезең де тартысты өрбіді. «Барыс» бір шайба соққан болатын. Төрешілер оны елордалық хоккейшілер ереже сақтамай соқты деп санамай тастады. Ойында елордалық клуб қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті. Осылайша «Барыс» қатарынан үш мәрте жеңіске жетті.

Бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» клубынан 2:1 есебімен басым түсті .

«Барыс» енді 11 ақпанға дейін қысқа үзіліс алды. Команданың басым бөлігі шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы сапында елордада өтетін 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысады. Онда қазақстандық құрама Украина, Польша және Голландия құрамаларымен сынға түседі 2.


Соңғы жаңалықтар