ҚХЛ: «Барыс»«Куньлунь Ред Старға» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордалық «Барыс» Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алғашқы шайбаны қытайлық команда сапынан 17-минутта Спенсер Фу соқты. Екінші кезеңнің 20 және 22-минуттарында «Барыс» хоккейшілері Ииро Пакаринен мен Роман Старченко қос шайбаның авторы атанып, өз командасын алға шығарған еді.

Дегенмен бұдан кейін қытайлық хоккейшілер төрт шайба соғып кетті. Олардың қатарынан Брэнжон Ип 23, Олли Палола 44, Тревор Мёрфи 51, Люк Локхарт 55-минуттарда мергендік танытты. Осылайша «Барыс» 2:5 есебімен жеңіліп қалды.

Бұдан бұрын құрлықтық хоккей лигасында екі команда Қытайда екі ойын өткізген болатын. Оның бірінде 8 қыркүйекте «Куньлунь Ред Стар» 1:0 есебімен жеңіске жетсе, 9 қыркүйекте «Барыс» 3:2 есебімен басым түсті.

«Барыс» бұдан бұрын төрт мәрте жеңіске жеткен еді.

Елордалық клуб енді екі ойынды өз алаңында өткізеді. Алдымен 3 қазанда Нижний Новгородтың «Торпедо», одан кейін 6 қазанда Череповецтің «Северсталь» клубымен шеберлік байқасады.

Фото: hcbarys.kz
Соңғы жаңалықтар