ҚХЛ: «Барыс» Мәскеудің ЦСКА командасына жол берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лиасындағы кезекті ойынын Ресей астанасы - Мәскеу қаласының ЦСКА командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХЛ: «Барыс» Мәскеудің ЦСКА командасына жол берді

Турнир кестесінде қос команда қатарлас тұр. Бүгінгі ойынға дейін ресейлік армияшылар 12 кездесуде айдынға шықты. Олар тоғызында жеңіске жетіп, үшеуінде қарсыластарына есе жіберді. Турнир кестесінде 18 ұпаймен жетінші орында келеді. «Барыс» 11 кездесудің алтауында басымдық танытса, бесеуінде қарсыластар ығына жығылды. Қоржынында 15 ұпай бар. 

Астана төрінде өткен кездесу тартысты болды. «Барыс» үшін бұл қарсыласпен шеберлік байқасу оңайға түскен жоқ. Бірінші кезеңде қос команда да есеп ашуға ұмтылды. Десе де көздеген мақсатына жете алмады. Алғашқы кезеңде қонақтар екі мәрте айып бұзды. Артем Блажиевский мен Михаил Науменков сондай жазаға тартылды. Соған қарамастан «Барыс» ойыншылар саны басымдығын пайдалана алған жоқ. Алғашқы кезеңде екі қақпаға да шайба соғылған жоқ.

Келесі жиырма минут та тартысты өрбіді. Ойынның 26-минутында ЦСКА сапынан Артем Блажиевский мергендік танытты. Бұл «Барыстың» шабуыл шебін күшейтуіне түрткі болды. Дегенмен олардың қақпа алдында ұйымдастырған шабуылдары өз нәтижесін алып келген жоқ. Айта кетерлігі, бұл кезеңде қос команда тарапынан да ешқандай тәртіп бұзу оқиғасы тіркелген жоқ. 

Үшінші кезеңде «Барыс» таразы басын теңестіруге бар күшін салғаны байқалды. Бұл кезең басталғанына небәрі екі минут өткенде Павел Акользин есепті 1:1-ге жеткізді.  

Енді «Барыс» үш ойынды өз айдынында өткізеді. 3 қазанда Мәскеудің - ЦСКА, одан кейін 7 қазанда Чехияның -  «Слован» және 9 қазанда бүгінгі қарсыласы Риганың «Динамо» клубымен шеберлік байқасады.  Соңғы 2 минутта «Барыс» қақпашыны ойыншыға алмастырды. Осылайша алты хоккейшімен ойнауға шешім қабылдады. Бұл өз жемісін берді. «Барыс» капитаны Брэндон Боченски тағы да таразы басын теңестірді.  Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталды. Дегенмен овертаймда ЦСКА жеңіс голын соғып кетті. Есеп 2:3. «Барыс» бүгінгі қарсыласынан жеңіліп қалды.   

Айта кетейік, «Барыс» сырт айдында бұған дейін төрт ойын өткізді. Олар алдымен Татарстан астанасы - Уфа қаласында жергілікті «Салават Юлаевтан» 3:7 есебімен жеңілсе, одан кейін Мәскеуде «Динамодан» овертаймда - 3:2, Подольскіде «Витязьден» буллитен 4:3 есебімен басым түсті. Ал Латвия астанасы - Рига қаласында жергілікті «Динамо» клубын 7:3 есебімен тізе бүктіріп кетті. 



Фото: hcbarys.kz