ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Сибирь» командасына есе жіберді

Бүгінгі кездесу барысында командалар тартысты ойын көрсетті. Алғашқы кезеңде қазақстандық клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан Давид Скленичка 5, Алекс Грант 11-минутта мергендік танытты.
Одан кейін қазақстандық клубтан 25минутта Райли Барбер басымдықты арттырды.
Ресейлік команда сапынан Илья Морозов 27, Владимир Бутузов 39-минутта гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Ал 41-минутта Сергей Дубакин таразы басын теңестірді.
Одан кейін Батырлан Мұратов 51-минутта қайтадан «Барысты» алға шығарса, Алексей Яковлев 53-минутта көздеген нысанадан мүлт еткен жоқ.
Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клубтың жолы болды.
Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 4:5 есебімен жеңіліп қалды.
Енді елордалық команда 7 қыркүйекте Новосібірде «Сибирьмен» тағы бір мәрте кездеседі.
Ал 9, 11 қыркүйекте сырт алаңда ресейлік «Авангард» (Омбы), «Динамо» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб Ресейдің «Салават Юлаев» клубына есе жіберді.