ҚХЛ: «Барыс» пен «Нефтехимик» ойынын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» плей-офф кезеңіне берілетін жолдама тағдырын бүгін шешуі мүмкін. Елордалық команда жеңіске жетіп, Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубы Ресейдің «Тракторынан» жеңілген жағдайда бұл сауалдың жауабы табылады. Ал «Нефтехимик» үшін плей-оффқа шығу мүмкіндігі қиын тиіп тұр.

Екі команда бүгінгі күнге дейін 25 мәрте кездескен. Оның 13-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік хоккейшілер жеңіске жетті. Командалар биылғы бәсекеде бір мәрте кездесіп үлгерді. 2020 жылдың 8 қаңтарында қазақстандық клуб аталмыш қарсыласын Нижнекамскіде 5:1 есебімен тізе бүктірді. Қазір құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнир кестесінде «Барыс» 7, «Нефтехимик» 18 орында тұр. Ал шығыс конференциясында қазақстандық хоккейшілер 3, ресейлік клуб 10 орында келеді.

«Барыс» пен «Нефтехимик» командалары арасындағы кездесу бүгін елорда уақытымен 19.30-да басталады. Ойын QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Барыс» бұдан бұрын Ресейдің «Автомобилист» командасынан басым түсті.


Соңғы жаңалықтар