ҚХЛ: «Барыс» жаңа мауымдағы хоккейшілер тізімін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» 3 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасы жаңа маусымындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесу Латвия астанасы - Рига қаласында жергілікті «Динамо» командасына қарсы өткізіледі. Елордалық клуб басшылығы алдағы ойында мұз айдынға шығатын хоккейшілер тізімін жариялады. Олардың қатарында қақпашылар - Хенрик Карлссон, Денис Каратаев, Йони Ортио, қорғаушылар - Джесси Блэкер, Тамирлан Гайтамиров, Даррен Диц, Иван Комаровский, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Виктор Сведберг, Кирилл Полохов, Егор Шалапов, шабуылшылар - Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Линус Виделль, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Якоб Лилья, Никита Михайлис, Максим Мусоров, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Мэтт Фрэттин, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков бар.

«Динамо» және «Барыс» арасындағы кездесу 20.00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұдан кейін «Барыс» 5 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск), 7 қыркүйекте Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командаларымен шеберлік байқасады.

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы 2 қыркүйектен басталды. Алғашқы ойында Ресейдің ЦСКА және «Ак Барс» (Қазан) командалары кездесті.


Соңғы жаңалықтар