20:40, 19 Ақпан 2022 | GMT +5
ҚХЛ: «Барыстың» плей-офф сатысындағы ойын кестесі белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» командасының қатысуымен өтетін Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы бірінші кезеңінің ойын кестесі белгілі болды. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында Ресейдің «Металлург» командасымен кездеседі.
Алғашқы екі ойын 1 және 3 наурыз күндері Магнитогорск қаласында өтеді. Одан кейінгі екі кездесу 5 және 7 наурызда елордада болады.
Алғашқы төрт кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда, одан кейінгі ойындар 9 наурызда Магнитогорскіде, 11 наурызда Нұр-Сұлтанда, 13 наурызда Магнитогорскіде өтеді.
Айта кетсек, «Барыс» шығыс конференциясында сегізінші орынға тұрақтаса, «Металлург» екінші орынға табан тіреді.
Еске салсақ, плей-офф сатысы алдында «Барыс» үш жолдастық кездесу өткізеді.