ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Спартак» командасымен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді. Ойын елорда уақытымен 21:30-дa басталады.

Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 18-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі төрт кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын сырт алаңда өткізеді. Алдымен 5 қазанда «Авангард» (Омбы) командасымен кездессе, 7 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, елордалық клуб құрамына ресейлік Илья Хохлов, Никита Сетдиков, Семён Симонов қосылды.
Еске сала кетейік, ресейлік «Торпедо» командасы «Барыс» қақпасына 10 шайба соқты.