ҚХЛ Дамир Рыспаевтың төбелестері жайлы роликті шығарды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықаралық хоккей лигасы (ҚХЛ) Дамир Рысбаевтың барлық төбелесі жайлы роликты шығарды, деп хабарлайды sports.kz.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Дамир Рыспаев әскер қатарында қызметін өтеп жатыр. Көктемде хоккейші әскери комиссариаттан шақырту алған болатын. Сәуір мен мамырда 21 жастағы ойыншы әлем чемпионатына дайындық аясында ұлттық командамен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысқан еді, бірақ Қазақстан құрамасының қатарына алынған жоқ.