ҚХЛ: Қазақстандық «Барыс» алдағы үш матчқа ойыншылар тізімін жариялады
Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы үш ойынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Кazinform.

Елордалық команда алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді.
Алдымен 3 желтоқсанда Ресейдің «Северсталь» (Череповец) клубымен кездессе, одан кейін 5 желтоқсанда «Авангард» (Омбы), 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен шеберлік байқасады.
Команданың бас бапкері міндетін атқарушы Ғалым Мәмбетәлиев аталған ойындарда төмендегі хоккейшілерге сенім артып отыр:
Қақпашылар: Даниил Кудимов, Эдвард Паскуале, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Артём Королёв, Кирилл Никитин, Нельсон Ножье, Эмиль Нұрғалиев, Давид Скленичка, Кристиан Хенкель, Егор Шалапов.
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Даниил Апальков, Энтони Камара, Дінмұхамед Қайыржан, Джозеф ЛаБейт, Батырлан Мұратов, Понтус Оберг, Әлихан Өмірбеков, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Рудольф Червени, Аркадий Шестаков.
Ойындар кестесі (Астана уақытымен):
3 желтоқсан. 20:00. «Северсталь» (Череповец, Ресей) - «Барыс»;
5 желтоқсан. 19:30. «Авангард» (Омбы, Ресей) - «Барыс»;
7 желтоқсан. 18:30 «Сибирь» (Новосібір) - «Барыс».
Турнир кестесінде «Барыс» 37 ойыннан кейін 29 ұпаймен 23-орында тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық команда көш басындағы «Металлургтен» басым түсті.