ҚХЛ жаңа лигасындағы «Барыстың» бас бапкерінің есімі белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Шайба.kz сайтының хабарлауынша, 3х3 жаңа лигасында «Барыс» командасын Павел Глотов басқарады, деп жазды Sports.kz порталы.

Барыс
Фото: Sports.kz

Ол 2014 жылы спорттық мансабын аяқтағаннан кейін «Барыс», «Номад» және «Қар барыстары» жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 46 жастағы маман биылғы маусымды Астана ЖХЛ командасымен бастады.

Павел Глотов 2022-2023 жылдардағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар штабының құрамында да болды.

Осыған дейін Талғат Жайлауовтың «Барысқа» қайта оралатынын жаздық.

Өскемендік түлек астаналық «Барыс» сапында 12 маусым өткізді. Оған дейін 5 жыл бойы «Қазцинк-Торпедоның» намысын қорғады. Форвард Қазақстан құрамасы сапында 9 әлем чемпионатында да өнер көрсетті. Хоккейшінің соңғы клубы 2020-2021 жылғы маусымда «Сарыарқа» болды.

 

Соңғы жаңалықтар