ҚХР БАҚ-қа шолу: Қазақстан мен Қытай - Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртқан елдер

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Орталық Азияның ірі экономикасы саналатын Қазақстан мен Қытайдың 14 млрд. доллар сомасына келісімдерге қол қоюы - ежелгі трансконтинентальды Жібек жолын қай жаңғырту бойынша тағы бір бірлескен қадамы, деп жазады «Чайна Дэйли» газеті.
None
None

«Келісімдердің жалпы саны 14 млрд долларды құрайды, бұл менің барлық шетелдік сапарларым кезеңіндегі ең ауқымды нәтижелердің бірі. Мұндай көрсеткіштер елдер арасындағы кооперацияның кеңдігі мен жоғары деңгейде екендігін көрсетеді», - деп ойын білдіреді Мемлекеттік кеңес премьері Ли Кэцян «Чайна Дэлиде».

«Чайна Дэйли» Қытай халықаралық зерттеу институтының вице-президенті Чжуан Цзунцзенің сөзін келтіреді: «Астана таяуда ел экономикасына инфрақұрылым нысандарына инвестицияны ынталандыру үшін миллиардтаған доллар қаржы құятынын мәлімдеді, Қытайдың көлік және өнеркәсіп салаларын жаңғыртуы Қазақстанның сұраныстарына сәйкес келеді».

Гонконгтегі «Феникс» телеарнасының бейне сюжетінде Қазақстанмен достастық байланыстарды дамыту Қытай саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатыны айтылды.

«Жібек жолы» мен «Нұрлы Жол» - екі бағдарлама бір-бірін толықтырып, ел арасындағы ынтымақтастықты тереңнен дамытуға ықпал етеді», - деген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің сөзін келтіреді «Феникс».

«Синьхуа» агенттігі «Жібек жолы экономикалық белдеуін» салу туралы қытайлық тұжырымдаманың ережелері Қазақстанның «Нұры Жол» жаңа экономикалық саясатымен үндес екенін атап өтеді. Бұл екіжақты қатынастарды нығайтудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

«Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстан географиялық басымдығын пайдалана отырып, өз өнімінің экспорттық арналарын кеңейту әрі теңізге жол ашуды қамтамасыз ету үшін транзиттік тасымалдауларды белсенді дамытуда және бұл бағытта бағындырған шыңдары аз емес», - деп жазады «Синьхуа».

Қытайлық-қазақстандық қарым-қатынастар дамудың жақсы үрдісін сақтап қалуда, екі ел де қауіпсіздік, экономика, сауда және гуманитарлық байланыстар саласындағы ынтымақтастықта елеулі табыстарға қол жеткізді, деп жазады «Жэньминьван» сайты.

«Ли Кэцянның сапары қытайлық тараптың екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарға үлкен көңіл бөлуін көрсетеді. Ынтымақтастық бойынша құжаттардың ауқымды топтамасына қол қою қазақстандық экономиканың дамуына жаңа серпін береді», - деп бөлісті пікірімен ШҰЫ зерттеу бойынша орталығының директоры Шэн Шилян.

Ядролық өнеркәсіп, минералды ресурстар, инфрақұрылымды жаңғыртудағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша қол қойылған құжаттармен бірге қытайлық БАҚ үш жылдық мерзімге жалпы сомасы 1 млрд. теңгені құрайтын валюталық своп туралы құжатқа қол қойылуына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар